Алматыда елге заңсыз кірген африкалықтар ұсталды
Шетелден келген заңсыз мигранттар Алматының әртүрлі нысандарында заңсыз жұмыс істейді. Бір күн бұрын қаладан бірнеше шетелдік ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Алматы қалалық ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, қалаға жүргізілген рейд нәтижесінде барлығы 40 шетелдік ұсталды. Олардың көбінің жеке басын растайтын құжаттары жоқ.
“Көбі – көршілес шекаралас мемлекеттер мен Африка континентіндегі елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша қабылдау-бөлу орнына орналастырылады”, – деді Бутунчинов.
Енді оларға қатысты еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу бойынша материалдар жиналады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Африкадан заңсыз келген әйелдер интимдік қызмет көрсеткені туралы хабарлаған едік.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді