Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреулер танымал блогерді соққының астына алды

Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады", – деп мәлім етті Алматы қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.



Айта кетейік, блогер Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен бірігіп жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.

Талқылау