Алматыда айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел өзіне қол салмас бұрын қызын тұншықтырып өлтірген
Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Әйел өлер алдында қызын тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұрғаны анықтады. Ол өзіне қол жұмсамас бұрын үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген.
Полиция департаменті ақпаратты растады.
"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"