Алматыда "Атакент" аумағы қайта реконструкциядан өтеді
2023 жылы "Атакент" аумағы қайта құрылып, абаттандыру жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың бірі Атакенттің аумағы қараусыз қалғанын, тоғандар көбікке толып, жасыл желектер құрғағанын айтты.
Ерболат Досевтың айтуынша, 2023 жылы Алматы әкімдігі "Атакент" аумағын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
"Атакент" мәселесіне келер болсақ, белгілі бір уақыт иесіз қалған жерлерімізді коммуналдық меншікке қабылдадық. "Атакентті" қалпына келтіруге, оны қосымша абаттандыруға жеке жоба дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап бұл аумақты жаңғырту мен реконструкциялауды бастаймыз", - деді Ерболат Досаев.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"