Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен кетті
Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбдірахманов Алматы облысы полиция департаментінде дәл осы лауазымға тағайындалған.
"Лауазым мен үшін таңсық емес, ал аймақ – ерекше, оның үстіне мені бұл облыспен туған үйім, балалық шақ пен мектеп байланыстырады. Ведомство басшылығының сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда, әділдікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктерді ашады", – деді Рустам Әбдірахманов.
Оның сөзінше, бұл тағайындалу – кәсіби мансабындағы жаңа кезең.
"Өмірлік және қызметтегі қағидаларым өзгеріссіз қалатынын айтқым келеді. Мен кез келген уақытта конструктивті диалогқа ашықпын және объективті сынды тыңдауға дайынмын. Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қолжетімді", – деді Рустам Әбдірахманов.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"