Алматыда 9-сынып оқушысы мектепте баллонды бұрыш спрейін шашып, 7 бала зардап шекті
Алматыда 9-сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада баллонды бұрыш спрейін шашып, салдарынан жанындағы оқушылар зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz портлына сілтеме жасап.
29 наурыз Алматы қаласы полиция департаментіне хабарлама келіп түскен. Мұнда Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллонды бұрыш спрейін шашып, жанындағыларға зиян келтірген.
Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
“Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады. Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі”,- деді ведомство.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"