Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 60-тан аса ескерткіш мен мүсін ретке келтірілді

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында қалалық тарихи-мәдени мұра объектілерінің аумақтарын кешенді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Алматыда 60-тан аса ескерткіш мен мүсін ретке келтірілді: Тәуелсіздік монументі, "Тағзым" мемориалы, Ш.Уәлиханов, Н.Тілендиев, Ж. Жабаев, М. Әуезов, А. Молдағұлова мен М.Мәметова ескерткіштері және тағы басқалары.

Ескерткіштер мен бюсттер аумағының маңайын қоқыстан тазарту, мүсіндік құрылысты жуылады. Үлкен мүсіндермен жұмыс істеу үшін суару машиналары қолданылады. Сондай-ақ ескерткіштерді вандалға қарсы жабынмен өңдеу жұмыстары жоспарланған.

Барлығы 100-ден аса тарихи-мәдени мұра нысандары мен 6 археологиялық қорған қамтылады.

"Таза Қазақстан" республикалық экоакциясының "Өнегелі ұрпақ" тақырыптық апталығы аясында көшеттер мен гүлдер отырғызу, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үй маңындағы аумақты жинау бойынша көмек көрсетуге бағытталған "Көршіңе көмектес" акциясы жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:
#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз

Талқылау