Алматыда қайтадан карантин енгізіледі
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің №59 қаулысы бойынша демалыс күндері қалада қатаң қарантин шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері Алматыда келесі шектеу шараларын енгізу көзделген:
- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда орындарының, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
- азық-түлікке жатпайтын және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
- сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын тоқтата тұру;
- фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, спорт залдарының, спорт кешендерінің жұмысын тоқтата тұру;
- сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
- ашық аттракциондарды тоқтата тұру.
Бір күн бұрын Бекшин Алматыдағы карантиннің әлсірейтінін айтты және Алматыда кинотеатрлар ашудың шарттарын да жариялады. Сонымен қатар, бас санитар дәрігер қалада демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысы туралы айтты.