Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кинотеатрлар мен театрлар ашылуға дайындалып жатыр

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жақын уақытта қаладағы кинотеатрлар мен театрлардың ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жандарбек Бекшин қазіргі таңда кинотеатрлар мен театрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

"Бұл жабық ғимараттар болғандықтан, оларды ашу мәселесін шешім жатырмыз. Кинотеатрлар мен театрлар қазір онлайн режимде жұмыс жасауда. Әр кинотеатрмен арнайы сақтық ережелерін дайындауға кірісіп кеттік", - деп түсіндірді Бекшин.  

Қазіргі таңда қаладағы кинотеатрлар мен театрлар ашылуға дайындалып, санитарлық талаптарға сай болу үшін кейбір залдар ауыстырылып жатқан көрінеді. Алайда мұндай мәдени мекемелерді ашуға әлі рұқсат берілмеген. Олар тек сақтық шараларын толық орындап, рұқсат алғаннан кейін жұмыс жасамақ. 

"Өзінің залының мүмкіндіктеріне қарай шахматтық ретпен немесе қатар бойынша арнайы әлеуметтік арақашықтық сақтау мәселесін шешуде. Олар дайындық жасап жатыр. Егер санитарлық талаптарға сай болатын болса, алдағы уақытта 30 пайыздық толымдылықпен жұмысын бастайтын болады", - деп мәлімдеді бас санитарлық дәрігер.  

 

Талқылау