Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы митинг: Полиция 500-ге жуық адамды ұстады
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында санкцияланбаған митинг өткізген 500-ге жуық қазақстандық полицияға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев ОСК-да өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

"Полицейлерге қатысты сенімді түрде барлық шараның заң аясында жүзеге асқанын, тәртіп сақшыларының барынша әдептілік танытқанын айта аламын. Ұстау барысында арнайы құрылғылар қолданылған жоқ. Полицейлер тарапынан зиян шеккендер, тіпті, өлім құшқандар туралы ақпарат шықдыққа жанаспайды", - деді Марат Қожаев.
Сондай-ақ, ол Алматы қаласында ешкімнің медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласында митинг барысында 12 адам дәрігер көмегіне жүгінді.
"Олардың барлығы дерлік гипертониялық асқынуға қатысты шағым айтқан", - деді ІІМ бірінші орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қожаев жүздеген адамның ұсталғанын хабарлаған еді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?