Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Митинг кезінде полицейлердің ер адамды ұрып өлтіргені рас па? ІІМ жауап берді

Әкімдік Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде ер адамның көз жұмғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

"Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде полицейлер ер адамды ұрып өлтірді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында санкцияланбаған митинг кезінде құрбандардың болмағанын хабарлаймыз. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - деді елорда әкімдігіндегілер. 

Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде жасы үлкен ер адам талып қалды. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, ол келгенше алғашқы көмек көрсетті. Ер адамның жағдайы жақсарып, дәрігерлердің көмегімен сол жерден кетті", - деп қосты министрліктегілер. 

Alt

Мұнымен қатар, ІІМ жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін екі ірі қалада жүздеген адамның митингіге шыққаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау