Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты іс қозғалғанын растады

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметі түсіндіргендей, прокуратура бұрынғы әкімге қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркемеген.

"2022 жылдың 13 мамырынан бастап Алматы қаласы бойынша полиция департаментінде Б.Манзоровтың әрекетіне қатысты азамат М.А.-ның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

2020 жылдың ақпан айында Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Кейін ол жұмыстан босатылғанын түсіндірді.



Қазір Бағдат Манзоров 60 жаста. Кәсіби еңбек жолын Талдықорған қаласындағы балалар спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. Одан кейін Октябрь ауылдық кеңесінде шопан, сатушы, тауар өндіруші, аудармашы болып жұмыс істеді. 1993 жылы Киров атындағы колхозды басқарды, сол кезден мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы басталды. 2008 жылдан 2017 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі қызметін атқарған. Одан кейін Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 6 млн доллар шығын келтірді деп айыпталып жатқаны туралы жазған едік.

Талқылау