AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі танымал өнерпаздардың концерттерін ұйымдастыру үшін 220 миллион теңге жұмсамақ болған

Алматы әкімдігі Роза Рымбаева, Жәмилә Серкебаева мен Марат Бисенғалиевтің 220 миллион теңгелік концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әкімдік

Алматының мәдениет басқармасы ұйымдастырған шаралар туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов өз Facebook парақшасында жариялады. 

"Менің қолыма Алматы әкімдігі мәдениет басқармасының биылға жылға арналған бюджет жоспары түсті. Шығындарға қатысты бірден сұрақ туындады:

Роза Рымбаеваның 65 жасына орай мерейтойлық концертіне 111 миллион теңге бөлінбекші.

Біріншіден, қашаннан бері 65 жас мерейтой ретінде саналатын болған?

Екіншіден, неліктен бәріміз сүйіп тыңдайтын танымал әртістің концерті билеті сатылатын және әкімдік тарапынан жарнама немесе Республика сарайынан тегін зал ұсыну арқылы қолдау көрсетілетін коммерциялық концерт емес?

Үшіншіден, егер әкімдік біздің қаржымыз арқылы концерттің барлық шығынын өтегісі келсе, ашық тендер өтеді деп сенеміз. Себебі тек жарық пен дыбыстың өзіне 46 миллион теңге (100 мың доллар) қажет.

Егер әртістің концерт шығынын әкімдік төлесе, жарнама үшін 17 миллион теңгеге шығындаудың не керегі бар. Яғни коммерциядық шығындар жоқ, демек табыс та болмайды. Әлде билет тегін таратылмай, сатыла ма? Егер сатылса, бұл ақша кімнің қалтасына кетеді?" – деп жазды Нұрпейісов. 

Сонымен қатар концертке Жәмилә Серкебаева мен Марат Бисенғалиевтің шақырылуы да сұрақ тудырған. 

"Алматыда үш әртіске концерт өткізуге көмектесу үшін 220 миллион теңге жұмсау шектен шығу емес пе?

Әлде олар аса танымал емес болғандықтан концертіне ешкім келмей ме? Ендеше оларға көмектесудің не керегі бар? Әлде оларға жаңа ән мен жазбаға ақша беріп, мысалы, әрқайсысына 10-15 миллион теңгеден ұсынса, ал олар жаңа хиттер жазып, онлайн таратса? Өздерінің бар екенін еске салып, қайта танымал болмай ма?" – деп жазды қоғам белсендісі. 

Сонымен қатар жазба авторы қаржылай қолдауды қажет ететін жастар мен балаларға неліктен грант берілмейтінін сұрады. 

"Мәдениет басқармасының басты міндеті қаланың әлі нығая қоймаған мәдени қауымдастығын құру және қолдау емес пе? Ал танымал әрі тәжірибелі әртістер өздерін қамтамасыз ете алады деп ойлаймын. Той мен мерейтойларда 2-3 ән орындау үшін сұрайтын бағасына қарасақ та жеткілікті. 

Қалада қай әншіге көмектесіп, қайсыған көмектеспеу керегін кім шешеді? Мұны қала тұрғындары шешпейтінін ғана білемін. Неліктен біз емес? Мәслихат пен қоғамдық кеңес қала бюджетін жұмсау бойынша осындай сұрақ қояды деп сенемін. Болмаса бізге мұндай депутат пен кеңес мүшелері не үшін керек?" – деп сұрады Ерлан Нұрпейісов. 

Алматы мәдениет басқармасындағылар Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев пен Жәмилә Серкебаеваның концертін ұйымдастыруға қатысты есептер әлі "жұмыс материалы" екенін мәлімдеді. 

"Талқылау кезінде есеп ұсыныстар мен ескертулер негізінде өзгеріске ұшырады. Нәтижесінде Жәмилә Серкебаеваның концертіне қаражат бөлінбейді деп шешілді. Сонымен қатар жеке концерттің жарнамалық кампаниясына да қаржы бөлінбейді. 

Жеке тұлғалар әлеуметтік желіде жариялаған сметалық есептер – коммерциялық құрылымдар мен әртістердің өздері мәдениет басқармасына ұсынған есеп нұсқалары. Концерт ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу ашық байқау арқылы жүреді, бұл бюджет шығындарының тазалығын көрсетеді", – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында. 

Сонымен қатар әкімдіктегілер Алматыда концерт пен фестиваль өткізу "қала өмірінің дәстүрлі әрі маңызды бөлігі" екенін айтып өтті. 

"Пандемияға байланысты екі жыл шектеуден кейін мәдениет қайраткерлерінің бастамасын қолдау маңызды", – деді шенеуніктер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр