Алматы облысындағы ауылдардың бірінен 17 жастағы баланың мәйіті табылды
Алматы облысы Саты ауылында кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылды. Полиция бұл жантүршігерлік оқиға бойынша күдіктіні ұстаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған бала өлімі бойынша Кеген ауданының 17 жастағы тұрғыны ұсталған.
“Мәйіт11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған. Аталған дерек аудандық полицияда қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, - делінген полиция ақпаратында.
Ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
