Алматы облысындағы ауыл тұрғындары еріген қар суын ішуге мәжбүр (видео)
Алматы облысындағы ауыл тұрғындары қар суын ерітіп ішуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Жандосов ауылының тұрғындары түсірген бірнеше видео тарады. Кадрлардан азаматтардың қарды ерітіп, су алып жатқанын көруге болады. Видеоларды желіде жариялаған жергілікті тұрғындар төрт күннен бері сусыз отырғандарын атап өтті.
“Жылу бойынша ақау бар. Қарды ерітіп отырмыз, тас дәуірінде өмір сүріп жатқандаймыз", – дейді видео авторлары.
Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары аймақтағы бұл мәселелердің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"