Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген Макао казиносынан 225 миллион теңге тәркіленді

Алматы облысында қозғалған қылмыстық іс аясында Макао казиносында тінту жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tishinkafood.ru

Алматы облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, заңдағы ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген.



"17 қаңтарға қараған түні департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді. Нәтижесінде 225, 5 млн теңге, 15 мыңнан аса еуро (7 млн 374 мың 568 теңге, 1 еуро – 491,64 теңге), 719 мың рубль (3 млн 668 мың 67 теңге, 1 рубль – 5,10 теңге), 34 мың юань (2 млн 159 мың 636 теңге, 1 юань – 63,52 теңге) және 38,5 мың доллар (17 млн 397 мың 33 теңге, 1 доллар – 451,87 теңге) ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелі блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнетіркегіштер табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "1Win" онлайн-казино ұйымдастырушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.  Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған. 

Талқылау