Алматы облысында әйелдер колониясының құрылысшысы сотталушыны зорлаған деп айыпталды
Алматы облысының №10 мекемесіндегі сотталушы оны құрылысшы зорлағанын айтып, прокурорға арызданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында құрылыс жасап жүрген ер адам сотталған әйелді зорлады деген күдікке ілінді.
Ақпаратты ІІМ қылмыстық іздестіру департаменті растады.
"№10 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы А прокурордың жеке қабылдауында шамамен бір ай бұрын мекеменің медициналық бөлігінің құрылысшысы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасағанын мәлімдеді", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Осы фактіге байланысты Іле аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен