Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген (видео)

Алматы облысында тас жолда әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген. Ер адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Оқиға жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тас жолында болғанын хабарлады.

"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының полиция бөліміне "Алматы-Бішкек" тас жолында "Вольво" жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жібергені анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1963 жылы туған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Талқылау