Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауруханада жүкті әйел көз жұмды

Алматы облысындағы Сарыөзектегі ауруханада жүкті әйел көз жұмды. 1988 жылғы әйел жүктіліктің 18-ші аптасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"22 мамыр күні 1988 жылғы әйел Кербұлақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Барлық тиісті ем-дом шаралары қолданылды. Бірақ науқастың жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Облыстың дәрігерлері арнайы консилиум жүргізді. Өкінішке қарай, науқас көз жұмды", – делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ауруханаға түскеннен кейін бір күн өткен соң, яғни 23 мамыр күні науқас түсік тастаған.



"Науқастың мүрдесі арнайы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы шыққан кезде тиісті шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті кезектен тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Оған тәуелсіз сарапшылар қатысады", – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1988 жылғы әйелдің өліміне нақты не себеп болғанын арнайы сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққанда белгілі болатынын жеткізді.

 

Талқылау