AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері субсидиялауға бөлінген 50 000 000 теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауыл шаруашылығы

Агенттік басқарманың бұрынғы басшысы мен өзге де лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеу бастаған. 



"Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекетік мекемесінің экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген Ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", – делінген агенттік хабарламасында. 

Қазір тергеу Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша жүріп жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр