Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпан айында ұсталған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысына қайта оралды

Ақпанда екі айға қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымжан

Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда пайда болды. Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратты 4 ақпанда растаған. Хабарланғандай, әкімнің орынбасары екі айға қамауға алынған еді. Ол лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. 17 ақпанда сот "Үй қамағы" бұлтартпау шарасын тағайындаған. 

Бұл уақытқа дейін әкім орынбасары ақысыз еңбек демалысында болған. 



Тергеушілер Ғалымжан Ниязовты Энергетика министрлігіне хат жолдады деп айыптаған. Хатта ол меморандумды алып тастауды, төменгі және жоғарғы баға шегін белгілемей-ақ сұйтылған газды сатуды сұраған. Дәл осы шешім жанармай бағасының күрт өсуіне әсер еткен. 

Басылым мәліметінше, маңғыстаулықтар Facebook-та Ниязовтың жақтастарына арналған топ ашып, айыптың негізсіз екенін мәлімдеген. Топқа барлығы екі мыңнан аса адам тіркелген. 

Талқылау