AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жемқор дегенге сенбеймін": Тамара Асар газ бағасын көтерді деп ұсталған әкім орынбасарын қолдады

"Жемқор дегенге сенбеймін!" Тамара Асар сұйытылған газ бағасының көтерілуіне себепші болды деп айыпталған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қолдау білдірді. Айтуынша, Ғалымжан Ниязов – халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтің ұрпағы. Тәрбие-біліммен толыққан, текті азамат халықтың ақысын жемейді деп сенім білдірді әнші. Бұл туралы Тамара Асар Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ғалымжан Ниязов ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы ауыр залал келтірді деген күдікпен ұсталған еді. 

"Фотода жалаудың жанындағы жүзі жылы кісі Маңғыстау облысында ресми қызметтер атқарған, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, тереңірек таныстырсам, замана заңғары, әдебиеттің алыбы Әбіш Кекілбаевтың әкесі Кекілбайдың інісі Мұқырдың кенжесі Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов. Мұқыр әкей соғыс ардагері, ел басқарған, азулы адуынды қария еді. Қысқасы Ғалымжан асылдың сынығы, Әбіштің ұрпағы, бес баланың әкесі, Құдабайқызы Эльмираның құдай қосқан жары. Сүйектен қусам туысым, жүректен қусам қамқоршы адал дос-ағам!

Дәл осы азамат өзі туып өскен жерін қанап, қызметтегі лауазымын шектен тыс қолданып, газ бағасын қымбаттатып, халқының нәпақасын жеген жемқор дегенге сене алмай жүрмін. Себебі ол уызына қанған, тәрбие-біліммен толыққан текті кісі.



Қарындастық жүрекпен жазған осы жазбам Ниязовтар, Кекілбаевтар әулеттеріне сәл де болса рухани қолдау болса екен. Ақиқаттың таңы туып, Ғалымжан Мұқырұлының ақталуын Алладан тілеймін. Әділдікті құзырлы орындардан күтемін", –  деп тілегін білдірді Тамара Асар. 

Айта кетейік, сот Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын енгізген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр