AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы трагедиясы: Қару дүкенін тонап оны Республика алаңында таратқандар ұсталды (видео)

Бас прокуратура Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қылмыстық іс қалай тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан Алматы қаласының 4 тұрғынын, соның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

“Бұл адамдар 05.01.2022 ж. қалада "Lexus gs300" автокөлігімен жүріп, басқа қылмыскерлермен бірге "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған.Ұрланған қаруларды сол көлікпен Республика алаңына жеткізіп, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға таратқан”, – делінген хабарламада.

Одан бөлек, Алматы қаласы мен Алматы облысының 5 тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 5 қаңтарда Алматы көшелерінде "Газель" автокөлігімен келе жатып, өтіп бара жатқан тәртіпсіздіктерге қатысушыларға өздері алдын ала дайындаған темір шыбықтарды таратқан.

“Кейін қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында жоғарыда аталған қылмыскерлер кейбір сыртқы бөлшектерін бояу арқылы автокөлікті өзгерту бойынша шаралар қабылдаған.Сот 8 ұсталғанға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.Кәмелетке толмаған адам ата-анасының жеке кепілгерлігімен босатылды.Бүгінгі күні тергеу жалғасуда, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталуда”, – дейді прокуратурадан. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр