Алматы облысында 42500 теңге жәрдемақыға таласқан жұрт шу шығарды (видео)
Алматы облысындағы Шамалған станциясының тұрғындары 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін шу шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әсерлі бейне әлеуметтік желілерде жарияланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл жағдай шынымен 2 сәуірде болғанын айтты.
"Мен кіруім керек, мен бірінші кезекте тұрмын" деп шуласқан жұрттың даусы естіледі.
Мұнда коронавирус ауруына байланысты көп адам жиналмауы керек деген тәртіптің де сақталмай тұрғаны анық.
"Әкімнің өкімімен тұрғындардан құжаттарды қабылдау үшін қосымша бөлімдер ұйымдастырылды, бүгінде кезек жоқ", - деді департаментте.
Сонымен бірге, әкімдік Egov.kz сайтының жұмысында проблемаларға байланысты үлкен кезек туындағанын атап өтті. Бот жұмыс істемей тұрғаннан кейін адамдар жаппай әкімдікке жәрдемақы алуға кеткен.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”