Алматы облысында 1 және 8 жастағы балалар дәретхана шұңқырына құлап кеткен
Алматы облысында 1 жасар бала мен 8 жастағы қыз дәретхана шұңқырына құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин
Оқыс оқиға Шонжы ауылында болған. Бір жасар бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала тереңдігі екі метр кәріз құдығына түсіп кетеді. Сәбиді шығарып алуға асыққан 8 жастағы әпкесі құдыққа түскенімен, ол да шыға алмай қалған.
Құтқарушыларды балалардың ата-анасы шақырыпты. Оқиға орнына төрт минутта жеткен құтқарушылар балаларды арқанның көмегімен шығарып алған.
“Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанымен құдықтан балаларды шығарды. Балалар зардап шеккен жоқ. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз”, – дейді Ұйғыр ауданы ТЖБ бастығы Рамиль Махпиров.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды