Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан көз жұмды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониямен ауырып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серікжан Ісләмұлы Бескемпіров

Бұл туралы өңірлік әкімшіліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шенеуніктің өліміне пневмония себеп болған.

Серікжан Ісләмұлы Бескемпіров 1960 жылы дүниеге келген. Инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Үштөбе қаласындағы ет комбинатында аға шебер болып қызмет етуінен бастады. "Темірлан" ЖШС-нің директоры, Талдықорған қаласы әкім аппараты бөлімінің басшысы, "Айдын" өнеркәсіп кооперативінің директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал және Панфилов аудандарының әкімі болды.

2005 жылдан бастап Текелі қаласының әкімі болды.

2012 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов көз жұмғаны хабарланды, кейіннен оның неден көз жұмғаны белгілі болды.

Еске салсақ, 22 маусымда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігіне  байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталығына жатқызуға шешім қабылдады

Талқылау