Алматы облысының бас санитарлық дәрігері көз жұмды
Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат бүгін таңертең келіп түскен. Бұл жағдайды облыстық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Қайрат Баймұхамбетовтың неден қайтыс болғаны туралы әлі нақты ақпарат жоқ", - деп хабарлады ведомствода.
Қайғылы хабармен желідегі парақшасында Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет бөліскен болатын.
"Бүгін тікелей басшым Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Хабарды таңертең естідік. Мен ол кісіге алғыс айтып үлгермегеніме өкінемін. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Қайрат Қажыманұлы", - деп жазды Әлия Шағиахмет.
Қайрат Баймұхамбетов 56 жасқа қараған шағында көз жұмды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?