Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалуы қиындап, жүрек жетіспеушілігі байқалды: Алматы облысының әкімі шұғыл түрде Нұр-Сұлтанға жеткізілген

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта емделуде. Оның тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігі байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баталов

Бұл туралы онлайн-брифингте облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, Амандық Ғаббасұлының коронавирусы үш апта бұрын расталды (22 маусым - автор.) Ол емделуде, бірақ тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігіне  байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталығына жатқызуға шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов.


Әкімнің орынбасары қазіргі таңда Баталовтың жағдайы жақсарғанын жеткізді.

"Ол кісі емделуде, жағдайы жақсарды. Ол үнемі спортпен шұғылданады, денсаулығы жақсы. Сондықтан Амандық Баталов жақын арада жұмысқа кірісетін болады", - деп қосты Батыржан Байжұманов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр