Алматы облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын пневмониямен ауырып жатыр

Алматы облысында пневмониямен ауыратын 2,5 мыңнан астам науқас тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында Алматы облысы әкім аппаратының басшысы Батыржан Байжұманов айтып берді. Оның сөзінше, пневмониямен ауырған науқастардың көп бөлігінің жағдайы аса ауыр. 


 "Бүгінгі таңда Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 адам тіркелген. Оның ішінде 86% науқастың жағдайы ауыр", - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында.

Сонымен қатар, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы 730 млн теңге бөлінгені атап өтілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр