Шымкентте 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды: Олардың суреті бар видео желіде тарады
Желіде тараған Шымкентте соңғы айда пневмониядан қаза болған тоғыз дәрігердің суреттері көрсетілген видео шындыққа жанасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Facebook-те қаза тапқан дәрігерлер туралы бейне ролик пайда болды. Онда автор дәрігерлердің суретін көрсетіп, олардың барлығы коронавирустан қаза болғанын хабарлады.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, роликте көрсетілген тоғыз медицина қызметкері мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген.
"Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында көз жұмды. Марқұм дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және т.б. жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екі жақты пневмония себеп болып отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған