Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері неден көз жұмғаны белгілі болды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызмет көрсетулер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың сөзінше, бас санитарлық дәрігердің өліміне пневмония себеп болған. 

"Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Коронавирусқа жасалған тест теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлады ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10-шілдесі күні таңертең Алматы облысының бас дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың көз жұмғаны белгілі болған

Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтын гигиена, санитария және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, ол Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Целинная темір жолының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Көкшетау бөлімшесінде қоғамдық гигиена маманы ретінде бастады (1991-1992).

Осы жылдар ішінде ол Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы, Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім бастығы және Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

2019 жылдың 23 мамырынан бастап ол Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарды.

Талқылау