Алматы қалалық орталық клиникалық аурухананың 182 медициналық қызметкері коронавирус жұқтырған
Алматының қалалық орталық клиникалық ауруханасының тағы 35 медициналық қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді.
"Қалалық орталық клиникалық ауруханада барлығы 182 қызметкер коронавирус жұқтырды. Бір тәлікте тағы 35 адамның індетті жұқтырғаны анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінгі күні ауруханға карантинге жабылған.
Еске салайық, бұған дейін аталған аурухананың бір мезгілде 110 қызметкері коронавирусқа шалдыққаны айтылған еді. Одан кейін жұқпалы инфекцияны тағы 37 ақ халатты жұқтырып алған. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс ұйымдастырылыпты. Ал аурухананың бас дәрігері болса қызметінен босатылған.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді