Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда орталық аурухананың бір мезгілде 110 медициналық қызметкері коронавирус жұқтырған

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілтаев 116 алматылық дәрігердің коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

врач

 

"Алматыда 14 сәуірде коронавирус жұқтырған 346 адам тіркелді. Бір тәулікте 174 науқас анықталды. Оның ішінде балалар клинкалық жұқпалы аурулар ауруханасының бір қызметкері, орталық қалалық клинакалық аурухананың 110 медицина қызметкері, медициналық жәрдем қызметінің екі қызметкері, №32 қалалық емхананың бір қызметкері,  №11 қалалық аурухананың бір қызметкері, №1 қалалық клинкалық аурухананың бір қызметкері бар. 

Инфекциялық сатнционарда COVID-10-ды емдеуде 295 науқас жатыр. Олардың жетеуінің жай-күйі ауыр, 41адамның жағдайы орташа деңгейде болса, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық. Провизорлы орталықтарда 256 адам бар. Оның ішінде он екісі бала. Карантиндік оқшаулануда 366, үй карантинінде 7097 азамат  жатыр", - деді ол. 

Сондай-ақ басқарма басшысы екі медициналық қызметкерлің жағдайы ауыр екендігін айтып өтті. Қазіргі таңда санэпидемиялогиялық тексерістер мен науқастармен байланыста болғандардың анықтау жұмыстары жүргізілуде екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр