Алматы блок-бекеттіндегі жол апатынан зардап шеккен үшінші қызметкер есін жиды
Алматыдағы блок-бекеттегі жол апатынан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым ауруханада есін жиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
"Науқастың жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Есін жиып, дәрігерлердің бақылауы кезінде сұрақтарға жауап береді. Уақыт пен кеңістікті жоғалтпаған. Басы ауырып, кейде айналып тұрғанын айтады. Қозғалыс аймағының сал болып қалауы байқалмайды. Палатада өзі жүріп тұрады", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 25 мамырда екі полицейдің өмірін қиған сұмдық жол апатында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Оның басына қатты зақым келгендіктен екі бірдей ота жасалыпты. Есірткі бизнесіне қарсы басқарманың қызметкері Ербұлан Сейдазымның халін білуге ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі келген болатын.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді