Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды
Алматыда 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air ұшағы құлады. Оқиға орнына оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.

Алматы қаласының әкімі қазір әуежайда. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы 9 адам жарақат алды. Оның ішінде 6 бала бар.
ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, апат әуе кемесін ұшыру кезінде болған. Қазіргі уақытта адамдар эвакуациялануда.
Бортта барлығы 100 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды.
Зардап шеккендер үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Арнайы үкіметтік комиссия құрылды, оны Асқар Мамин басқарады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдай туралы айтты. Мемлекет басшысы апатта қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды