Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі блок-бекетте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына пәтер табыстайтын болды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 мамырда блок-бекетте қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасыларына пәтер берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Өте өкінішті жағдай. Отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасады. Кәсіпкерлер тарапынан екі отбасыға 2 пәтер алып беру туралы ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, туыстар тарапынан айтылған барлық қаржылық мәселелерге барынша көмек көрсететін боламыз", - деді қала әкімі. 

Еске салайық, бұған дейін мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полцейлердің көлігіне барып соғылған еді. Соның салдарынан екі қызметкер көз жұмып, тағы бірі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. 

Бұған қоса мас жүргізуші бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкері болып шықты. Осы жағдайға байланыст Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланған еді. Бұған қоса бірқатар лауазымды полицейлер жұмыстан қуылыпты. 

 

Талқылау