AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев сүйіктісінің бар екенін растады

Әнші Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Ол сүйіктісінің бар екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кішкенбаев Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырмандарына жауап берді.

"Сүйіктіңіз бар ма?" деген сауалға алғашқыда "иә" деп нақты жауап берген Алмас артынан: "Вроде бар, вроде жоқ, әзірге түсініксіз", – деп бұлтарды.

Біресе бар, біресе білмеймін деп фанаттарының ойын сан-саққа жүгірткен Алмас көптен бері ешкімге ғашық болмағанын, тіпті бұл сезімнің не екенін ұмытуға шақ қалғанын айтты. 

Бұдан өзге, өнер иесі, жақында өзі жайлы кітап жазып шығаратынын жеткізді.



Кішкенбаев "Қазақстан дауысы" жобасында бірнеше жыл қатарынан қазылық еткен болатын. Алайда биыл әнші тәлімгерлер қатарында жоқ.

"Әр кезеңнің өз әділ-қазылары болады. Қазіргі жюри күшті. Ұнайды маған. Әсіресе, Батыр", – деп өз ойын білдірді Кішкенбаев.

Айта кетейік, Алмастың алғашқы некесі сәтсіз аяқталған. Әншінің бірінші отбасынан екі қызы өсіп келеді. Бір кездері әнші Әйгерім есімді блогер қызды ұнатып қалғанын айтты. Өз кезегінде Әйгерім Алмастың сезіміне теріс жауап берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр