Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік оқушы әлемнің 74 беделді университетінен шақырту алды

Дастан Рахыманберді
Фото: instagram.com/shymkent_akimdigi

Шымкенттегі үш тілде білім беретін №2 мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Дастан Рахыманберді әлемнің 74 университетінен шақырту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент әкімдігінің Instagram парақшасында 11-сынып оқушысы Дастан Рахыманберді туралы ақпарат жарияланды. Ол АҚШ жоғары оқу орындарына түсуге арналған SAT емтиханынан 1480 балл, ал ағылшын тілінен халықаралық IELTS тестінен 7,0 балл жинаған.

“Қазір Дастан әлемнің 12 еліндегі 74 беделді университеттен ресми шақырту алды”, – деп хабарлады әкімдік.

Дастан астрофизикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы, қаржылық сауаттылық бойынша Қазақстан олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 15-тен астам халықаралық хакатонда, соның ішінде NASA ұйымдастырған жарыста жүлделі орындарға ие болған.

Оқумен қатар жас түлек қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады. Кейінгі жылдары ол 40-тан астам волонтерлік іс-шараға атсалысқан.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда бір күнде ҰБТ-дан 140 балл жинаған сыныптастар жетістік жолын айтқан еді.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев тіпті бір сыныптың оқушылары. Тестілеуге жыл бойы барын салып дайындалған түлектер әлі күнге дейін түс көргендей сезімде жүргенін жасырмайды. Көпбалалы отбасыдан шыққан жігіттер тіпті дайындық кезінде де мұндай көрсеткіш жасай алмаған екен.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 13:00