Қазақстандық жүргізушілерге Ресей шекарасындағы жаңа ережелер туралы ескертілді
1 маусымнан бастап Ресейде "Тауарды күтуді растау жүйесі" енгізіледі. Қазақстандық тасымалдаушылар жаңа ережелермен таныс болуы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, Ресейдегі тауар алушы алдын ала жеткізу туралы құжат рәсімдеп, QR код алуы қажет.
“Тауарларды автокөлікпен әкелгенде Ресей Федерациясындағы тауарды алушы алдын ала болашақ жеткізілім туралы құжат рәсімдеп, QR код алуы қажет. QR код жүргізушінің қолында болуға тиіс және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетіледі. Расталған QR-код болмаса Ресей Федерациясына кіруге рұқсат берілмейді және көлік құралы кері қайтарылады”, – деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен жүргізушілерге мынадай ұсыныс береді:
- Ресейдегі алушы тараптан "Тауарды күтуді растау жүйесі" аясында QR кодтың алдын ала рәсімделгенін тексеру;
- Өткізу бекетіне жеткенге дейін QR кодтың бар-жоғын анықтау;
- QR кодтың баспа түрінде немесе электронды нұсқада болу керек;
- QR кодтағы мәліметтерді жүкке қатысты құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстыру;
- Құжаттар дұрыс рәсімделмеген жағдайда шекарадан өту уақытының ұзаруы.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
