AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа әпкесінен не үшін шапалақ жегенін айтты 

Әбдіжаппар Әлқожа мерейлі 40 жасқа толған әпкесі Розаны құттықтап, бала күнгі естеліктерімен бөлісті. Ол кішкентайынан әпкесін өзгелерден қызғанып өскенін жеткізді. Сондай-ақ әпкесінен не үшін таяқ жегенін әңгімеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасының "Айтарым бар" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Мен сізді қатты жақсы көремін. Екеуміз бір құрсақтан шықтық. Сіз – үлкені, мен – кішісі. Сіз Алғаш КазГУ-ге оқуға түскен кезде, біз баламыз. 
Біз сізді үнемі сағынып, хат жазатынымыз есімде. Сол кезде сіз тек біздің үйдің қызы сияқты болатынсыз. Студент болып, ауылға келген сәтіңізде, барлығына, тіпті көрші балаларға дейін сыйлықтар алып келетін едіңіз. 

Барлығына бірдей беріп жатқан кезде, мен қызғанатынмын. Өйткені менің әпкем ғой, неге мені ерекше көрмейді деп ойлатынмын. Сол кезден бастап кең болғансыз, қазір де солайсыз. Әр адамды бауырым деп көресіз", – деді Әбдіжаппар.



Бір жолы Әбдіжаппар елдің алдында оғаш қылық көрсетіп, әпкесінен таяқ жеп қалғанын айтты. 

“Бір келгеніңізде сіздің назарыңыз керек болып, айналшықтап жүргенімде, алдыңызға отырғыздыңыз. Сол кезде сасқанымнан не істерімді білмей, "менің әпкем, не істесем де болады" дегенім шығар, баламын ғой, бетіңізге түкіріп жіберген болатынмын. 

Сол кезде сіз мені шапалақпен ұрып жібердіңіз. Өмірімде жеген бірінші және соңғы шапалағым сол", – деп еске алды өнер иесі.

Әбдіжаппар елдің алдында берген сұхбаттарында сөзінен жаңылып, сынның астында қалған сәттерде әпкесінің өзінен қатты уайымдағанын айтып, ризашылығын білдірді. 

"Қаншама жолдарды басып өтіп, шыдап, жігіт болсақ та, кейде ауытрпашылық тигізіп, сұхбатты дұрыс бере алмай қалып, сол бір сәттерде менен гөрі сіздің көбірек ақталғаныңыз, күйзелгеніңіз есімде. Сіз мені барлығынан қатты жақсы көретініңізді сол кезде көрдім. 
Сіз мені өз балаларыңыздан да артық көретініңізді көрдім. Мен сізді қатты жақсы көремін. Дүние тұрғанша тұрыңыз, туған күніңіз құтты болсын", – деп жылы тілегін жеткізді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр