Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ереже бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға айыру ұсынылды

Жол ережесі
Фото: pexels.com

Қазақстанда жол ережесін бірнеше рет немесе өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға дейін уақытша айыру ұсынылды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге баллдық жүйе енгізуді де қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол қозғалысы ережесін бұзғандарға жауапкершілікті күшейтудің жаңа тетіктері әзірленіп жатқанын айтты. Ұсынысқа сәйкес, әрбір құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығы ескеріледі. Бірнеше рет немесе өрескел тәртіп бұзған жүргізушілерге айыппұл салумен қатар, жүргізуші куәлігінің қолданысын бір жылға дейін тоқтату көзделіп отыр. Министрлік бұл нормаларды заңнамаға енгізу үшін тиісті түзетулерді Құрылтай қарауына ұсынбақ. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл елдегі жол-көлік оқиғалары 5%-ға азайған. Жол апатынан қаза тапқандар саны 15%-ға, жарақат алғандар 6%-ға төмендеген.

Бұған дейін Үкімет биылғы жеті айда жол қозғалысы ережесін бұзудың 8,7 миллионнан астам дерегі анықталғанын хабарлаған. Осы кезеңде 18 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылып, тағы 15,5 мың адам әкімшілік қамауға алынған.

Қарлығаш Асқарова
Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026 11:31