Ақ үйдің алдында UFC турниріне арналған арена салына бастады

АҚШ-тың тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған іс-шаралар қарсаңында Ақ үйдің оңтүстік көгалында UFC жекпе-жектеріне арналған аренаны салына бастады.
"UFC Freedom 250" деп аталатын іс-шара 14 маусымда, АҚШ президенті Дональд Трамптың 80 жылдық мерейтойы күні өтуі тиіс. UFC бұл жобаға шамамен 60 миллион доллар жұмсамақ.
Өткен айда Трамп журналистерге рингте 4500 жанкүйер сыятын орын болатынын, тағы 50 000-нан 100 000-ға дейін адам "Ақ үйдің" оңтүстігінде орналасқан Эллипс саябағына орнатылатын үлкен экрандар арқылы жекпе-жекті тамашалай алатынын айтқан.
“Мен көптеген ірі іс-шараларға қатыстым, бірақ олардың ешқайсысы Ақ үйдің дәл алдында өтетін UFC жекпе-жегіндей қызығушылық тудырған жоқ”, – деген еді Трамп.
Аренада алты жекпе-жек өткізіледі деп жоспарланған. Олардың негізігі – екі чемпиондық жекпе-жек. Бразилиялық Алекс Перейра ауыр салмақта UFC уақытша чемпионы атағы үшін француз Сирил Ганмен жұдырықтасады, ал грузиялық Илья Топурия жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Джастин Гейтджимен кездеседі.
Бұған дейін Ақ үй аумағында спорттық және ойын-сауық шаралар өткен. Бірақ UFC шоуы оның аумағында өтетін алғашқы кәсіби спорттық оқиға болмақ.
Америкалық көшбасшы UFC басшысын өзінің жақын досы деп санайды және бұл спорт түрінің жанкүйерлерін өзінің саяси электоратына жатқызады.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты