Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

1-сыныпқа құжат қабылдау
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

27 мамырда елордадағы барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау офлайн және онлайн форматта жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформадағы кейбір техникалық ақауларға байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

1-сыныпқа қабылдану үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
  • № 065/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты;
  • 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсырудың жаңа ережелері мен мерзімдері бекітілген еді. 

Осыған сәйкес өңірлер бойынша құжат қабылдау кестесі келесідей:

  • 27 мамыр – 31 тамыз: Астана, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары;
  • 10 маусым – 31 тамыз: Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • 18 маусым – 31 тамыз: Шымкент, Алматы облысы, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары;
  • 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысы.
Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 18:11