Атырау облысында әкімнің орынбасары жол апатына түсіп, көз жұмды

Атырау облысында жол апаты болып, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары 45 жастағы Ерболат Иғали қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “АқЖайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.
Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан кезде көлік тас жолда аударылып қалған. Жол апаты салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған.
Атырау облысы әкімдігі шенеуніктің қаза болғаны туралы ақпаратты растап, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты.
"Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Игалиның кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.
Марқұм маусым айында 46 жасқа толар еді. Оның артында бес баласы қалды.
Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған
Оқыңыз