Солтүстік Қазақстанда үш ай бұрын ғана сайланған әкім өзіне қол жұмсады
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімі суицид жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.
Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысында экс-әкім қызметінен босатылғаннан кейін өлі табылған еді. Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Ақпаратты облыс әкімдігі растады.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген