Канада Эболаға байланысты шекараны жауып, карантин енгізіп жатыр

Эбола вирусының таралуына байланысты Канада елге кіруге шектеу енгізіп, шекараны жауып жатыр. Канада үкіметінің сайты шектеу шаралары туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
27 мамырдан бастап Канада үкіметі Эбола безгегі өршу қаупі жоғары немесе өте жоғары елдердің тұрғындарына қатысты иммиграциялық құжаттардың күшін 90 күнге тоқтатпақ. Бұл тізімде Конго Демократиялық Республикасы, Уганда және Оңтүстік Судан бар.
Ел үкіметінің мәліметінше, бұрын бекітілген уақытша резиденттік виза, электронды кіру рұқсаты немесе тұрақты резидент визасы бар адамдар Канадаға кіруге рұқсат жоқ. Сондай-ақ осы кезеңде аталған елдердің тұрғындарынан түскен иммиграциялық өтініштер бойынша шешім қабылдау уақытша тоқтатылады.
Соңғы үш апта ішінде аталған елдерде болған және ауру белгілері жоқ Канада азаматтары, тұрақты резиденттері және елде тұратын шетелдіктер 21 күндік карантиннен өтуге міндетті.
Егер олардың өзін-өзі оқшаулауға лайықты орны болмаса, оларға арнайы орналастыру орны беріледі. Ауру белгілері бар саяхатшылар әрі қарай тексеру үшін ауруханада оқшауланады. Бұл шектеу 30 мамырдан 29 тамызға дейін созылады.
"Канада тұрғындары үшін қауіп деңгейі төмен болса да, Канада үкіметі Эбола вирусы тудыратын аурудың ауырлығын және халықаралық жағдайдың дамуын, соның ішінде 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатын ескере отырып, сақтық шараларын ұстанып отыр. Канадада Эбола безгегін жұқстырып әкелген науқастар ешқашан тіркелмеген, ал қазір Солтүстік Америкада ауру жағдайлары анықталмады", – деп атап өтті үкімет.
Саяхатшыларға шекара ережелері алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін екені ескертіліп, жолға шығар алдында travel.gc.ca сайтынан өзекті ақпаратты тексеру қатаң түрде ұсынылып отыр.
“Жағдайды мұқият бақылауды жалғастыратмыз және қолда бар деректерге, соның ішінде Канададағы және халықаралық деңгейдегі эпидемиологиялық ахуалға сүйене отырып, бұл шараларды қажет болған жағдайда түзетіп отырамыз”, – деп мәлімдеді Канада үкіметі.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты