Қазақстандық мұғалімдерге жеке өткізген сабағы үшін ақы алуға тыйым салынды
Қазақстандық мектеп мұғалімдері өзі сабақ беретін оқушыға қосымша дәріс өткені үшін ақы ала алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Яғни, мұғалімдер өз оқушысына тегін репетиторлық етуге тиіс. Бұл тыйымды бұзса, жазаға тартылуы мүмкін.
Қазір репетиторлық нарықты реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр.
Құжат дайындық орталықтарының жұмысын жүйелеп, салық төлеу мәселесін шешуі шарт.
“Нақты шектеу мәселесін біз әлі де талқылаймыз. Оны зерттейміз. Бірақ кез келген мұғалім үшін ол этикалық мәселе. Мемлекет осы балаға өзі қаражат бөліп жатыр. Сол балаға сапалы білім беру бүгінгі мұғалімнің, шынын айту керек, қаржысы төленген миссиясы”, – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Министр бұл мәселені сол шектеуге жеткізбей-ақ, мұғалімдер өздері түсінеді деп әріптестеріне сенім артты.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту