Павлодарда ағаштың түбіне жасырылған қазанның ішінен 24 миллион теңге табылды (видео)
Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар екені анықталған. Полиция ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты.
Ұрланған ақша алма ағашының түбіндегі қазанның ішіне жасырылған болып шықты.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелді", – деді Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, бұған дейін Көкшетауда ер адам көлікті иесімен бірге ұрлап кетпек болғаны туралы жазған едік.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.
