Бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойған
Қытайдың Бейжің қаласында бес жасар қыз ойнап жүріп алтын құймасын жұтып қойған. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, бөгде затты асқазанынан алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүлдіршін ұзындығы шамамен төрт сантиметр, салмағы 50 грамға жуық алтын құймасын байқамай жұтып қойған. Арада алты сағат өтсе де, құйма табиғи жолмен шықпаған соң ата-анасы қызын ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлер алтынның ас қорыту жолында тұрып қалуынан қауіптенген. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ішкі ағзалар зақымданып, тіпті қан кетуі мүмкін. Сондықтан олар шұғыл эндоскопиялық процедура жасау туралы шешім қабылдаған.

Операция кезінде дәрігерлер баланың тамағы арқылы камерасы бар иілгіш түтік енгізіп, алтын құймасының асқазанда жатқанын анықтаған. Бірнеше минуттан кейін бөгде затты абайлап алып шыққан.
Оқиғадан қыз зардап шекпеген. Дәрігерлердің көмегінен кейін ол тез арада қалпына келген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар