Түркістан облысында тоғыз айлық сәби ине жұтып қойған
Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық бала шұғыл жеткізілді. Себебі сәби кездейсоқ ине жұтып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлер рентгенологиялық тексеру жүргізіп, эндоскопиялық әдіс қолданды. Мамандар бөгде заттың нақты орналасқан жерін анықтап, өңешке қадалған инені сәтті алып шықты.
“Дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында ықтимал асқынулардың алды алынды”, – делінген хабарламада.
Қазір баланың жағдайы жақсы, үйіне шығарылған.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда бір жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойғаны туралы жазған едік. Оқиға былтыр 27 қазанда болған. Бүлдіршін ауруханаға ауыр хәлде, тұншығып түскен. Дәрігерлер ота жасап, көмейінен бөгде затты алып тастаған
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
